Өңірде «Baqytty Bala–2025» байқауы өз мәресіне жетті. VI ашық вокалдық фестиваль-байқауында бас жүлде мен 1 миллион теңге Беларусь елінің Минск қаласынан келген София Рустамоваға табысталды. Бірінші орын және 700 мың теңге Ижевсктен келген дарынды өнерпаз Кирилл Усовқа бұйырды. Ал екінші орын және 500 мың теңгеден Қазан қаласының әнші қызы София Фадеева мен алматылық Мирас Нағашыбай иеленсе, үшінші орынды 300 мың теңгеден өзбекстандық және ақтөбелік, атыраулық өнерпаздарға бұйырды.