Оның көркем келбеті мен сұлулыққа құштарлығы, ашық дауысы мен таланты көрерменнің көңілінен орын тапқан. Театр сыншылары мен өнер майталмандары жоғары баға берген Майгүл Мұзбаева бүгінге дейін 70-ке жуық қойылымда басты рөлдерді сәтті сомдап, халықтың ықыласына бөленіп келеді. 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында телеарнамыздың түсірілім тобы белгілі актрисамен тілдесіп қайтты.