"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында "Жасыл ел" еңбек жасағының жұмысшылары Қарғалы өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. 150 жас белгіленген аумақтан тұрмыстық қалдықтарды, пластикалық бұйымдарды, сынған ағаш бұталарын жинап, жүк көліктеріне тиеді.