Енді 109 нөміріне қоңырау шалып, дәрігердің қабылдауына жазыла аласыз. Ақтөбе облысының ахуалдық орталығы жаңа жылдан бастап жаңа қызметті іске қосты. Бұл, әсіресе "Дамумед" қосымшасын пайдалана білмейтін егде жастағы тұрғындар үшін ыңғайлы.
Сондай-ақ, колл-орталықтың мамандары арқылы медицина қызметкерлерін үйге шақыруға болады.