"Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды. Жоба аясында 1700-ден астам жас өтінім беріп үлгерген. Ендігі кезек комиссия отырысында. Бағдарлама жеңімпаздары балдық негізде анықталады. Айта кеткен жөн, 80-ге жуық жас баспаналы болады деп жоспарланған. Тақырыпты әріптесім тарқатсын.