Ауыл кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпкерлер қала іргесінде орналасқан Маржанбұлақ елді мекенінің аумағындағы жылыжайға барды. Оның құрылысымен, жұмысының барысымен танысты. Ал бүгінгі семинар - екінші кезеңі. Мұнда кәсіпкерлерге құлпынай өсірудің жаңа технологиялары, әдістері айтылады.
ТЕМІРХАН ҚҰЛБАСОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Жобаға негізінен, 25 кәсіпкер қатыса алады. Қызығушылық танытып, кәсіппен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Үшінші кезеңде жергілікті кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Бизнес жоспар құруды үйренеді. Мәселен, олар қыркүйекте өтетін көрмеде жылыжайға қажетті құрал-жабдықтармен танысады.
АНАР ДАРЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алдағы уақытта облыстық кәсіпкерлер басқармасы таңқурай, саңырауқұлақ өсіріп, сүт-өнімдерін дайындауды үйренгісі келетіндерге, сондай-ақ, өз ісін ашып, дөңгелетемін деушілерге шеберлік сағаттарын, семинар-тренингтер ұйымдастырмақ.
Гүлбағда Қайратқызы