Негізгі Жаңалықтар АПТАП ЫСТЫҚТА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

АПТАП ЫСТЫҚТА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Жаз мезгіліндегі аптап ыстық адам ағзасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Осыған байланысты дәрігерлер тұрғындарды қарапайым сақтық шараларын сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша, күннің ең ыстық мезгілі - сағат 11:00 мен 17:00 аралығында мүмкіндігінше далада ұзақ жүрмеген жөн. Бұл уақытта күн сәулесінің әсері күшейіп, күн өту қаупі артады. Сондай-ақ, күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішіп, жеңіл әрі ашық түсті киім киген дұрыс. Майлы және ауыр тағамнан бас тартып, көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтыну ұсынылады. Дәрігерлер әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, қарттар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға ерекше сақ болуға кеңес береді. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар