Қалада "Ақтөбе - тарының астанасы" атты гастрофестивал өтті. Ұлт мәдениетінің жарқын үлгісі дәріптелген ауқымды шарада ақ тарының атасы атанған атақты Шығанақ Берсиевтің еңбегі дәріптелді. Белгілі диқаншының туған өлкесі Ойыл ауданы арнайы алаң әзірледі. Тарының тарихы, одан жасалатын сан түрлі тағам түрлері көпшілік назарын аудартты