Өткен жексенбіде Ақтөбеліктер Түйетөбеде бас қосып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Жиналғандар боздақтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осы тұста тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек 1920-1940 жылдар аралығында елімізде 103 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ал оның 7 мыңға жуығы ақтөбелік. Олар жайындағы деректер әлі күнге дейін зерттеліп келеді.