Бала - шаттық, бала - бақыт. бала - нұр. Халықаралық балаларды қорғау күні Ақтөбеде жоғары деңгейде аталып өтті. Бірнеше бағытта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Ашық аспан астында кішкентай бүлдіршіндер самокатпен жарысып, ерекше безендірілген бесік арбалардың шеруі көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Ал "Өнер орталығының" сахнасында ең талантты балғындар ән мен биден шашу шашты. Аймақтың кішкентай тұрғындарын облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтады.