Халықаралық балалар күнін "Aqtobe" телеарнасы да ескерусіз қалдырмады. Мерекеде балалар үшін телеарнада экскурсия ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер журналистердің шығармашылық жұмысымын етене танысып, студияларды аралады. Кадр сыртындағы жұмысты көрді. Балалардың арасында журналистика саласын меңгеруге ниеттілер де бар.