Ауа-райының жылынуымен қала көшелерінде мопед тізгіндегендер көбейді. Осы ретте полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Тіркеусіз көлік құралын басқаруға тыйым салынады. Жыл басынан бері өңірде мопед жүргізушілерінің қатысумен 3 жол- көлік оқиғасы тіркелкеліп, 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.