Шаһарда мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, бизнес өкілдері, еріктілер мен студенттер көшелерді, саябақтар мен скверлерді, аула аумақтарын және қоғамдық орындарды тазалауға жаппай шықты. Облыс әкімі Асхат Шахаров сенбілік өтіп жатқан орындарға арнайы барып, учаскелерді аралап, жұмыстардың ұйымдастырылу барысын бағамдады. Өңір басшысы туған өлкенің тазалығын сақтауда тұрғындардың белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті. Банк әкімшілігі ғимаратының маңында 100-ден астам адамның қатысуымен өткен сенбілікке қатысты. "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы екі айлық тазалық жұмыстары 30 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде жағалау аймақтары, орман белдеулері және жол бойында да тазалық жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.