Өңірде жол құрылысы маусымына дайындық қызу. Қиыршық тас өндіретін зауыттарда техникалық тексеріс жүргізіліп, шығарылатын өнімнің сапасы бақылауға алынуда. Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу мен өндірістік желілерді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.