Өңірге жұмыс сапарымен Ұлттық экономика бірінші вице министрі Азамат Әмрин, ҚР Парламент Сенатының қаржы және бюджет комитетінің мамандары келді. Елордалық меймандар аймақтағы ірі өндіріс ошақтарының жұмысымен танысып, бизнес өкілдерімен салық кодексіндегі өзгерістерді талқылады.