"Адал азамат - біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында аймақ білім ордаларында оқушылардың зейінін арттыруға арналған жаңа жобалар жарық көре бастады. Бұл тұста педагог кадрлардың еңбегі мен ізденісін айрықша атауға болады. Айталық, Айдана Қонысбай аталған бағдарламаны негізге ала отырып, шахмат фигураларына ұлттық айшықтарды өрнектеген.