Елімізде Ата заңды жаңғырту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі – жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және жаңа Конституция жобасын әзірлеуге белсенді қатысқан ақтөбелік азаматтар марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына ие болғандардың қатарында тарихи сәтті таспаға түсіріп, ақпараттық қолдау көрсеткен арнамыздың бірнеше қызметкері де бар.