Көктемгі әскери қызметке шамамен 1200 азаматты шақыру жоспарланды. 18 бен 27 жас аралығындағы жастар Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады. Бүгін 40 сарбаз Атыраудағы 41433 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.