Ақтөбе халқының саны 600 мыңға жетті. Ресми деректі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті жариялады. Мамандар алдағы 10 жылда 1 млн межеге жетеміз деп отыр. Қаланың ең кішкентай тұрғынын шаһар басшысы Азамат Бекетпен бірге біздің арнамыздың тілшілері де арнайы құттықтай барды.