Қалада санитарлық тазалық акциясы қарқын алып келеді. Бүгін әкімдік қызметкерлері топ-топқа бөлініп, шаһар тұрғындарға қолғабыс етуге шықты. Алдымен әлеуметтік нысандар назарға алынды. Мәселен, Жаңа қоныс тұрғын алабында мемлекеттік қызметшілер қала тұрғындарымен бірлесіп, әлеуметтік осал топтарға арналған жатақхананың ауласында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді