Облыста «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 100-ден астам жоба қаржыландырылды. Шалғайдағы ағайынның әл-ауқатын арттыру үшін өткен жылы қазынадан 4 млрд теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі таңда 1 млрд теңгеден астам қаржы игеріліп, 115 жоба жүзеге асырылды.