Өңірде наурыз айында полицейлер жедел ақпараттарды іске асыру барысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады. оның бірі қалада, екіншісі Хромтау ауданында анықталды. Айталық,
Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған. Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Жедел қызметкерлер күдіктілердің толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді. 20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді.