Аймақта ерекше қорғаудағы 9 қаумал бар. Бұл табиғи аумақтарға күзет қойылуының басты себебі онда қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың болуы. Бүгін "Жасыл ел" еңбек жасағының жастары Ақтөбе мен Алға арасындағы Сазды қаумалын қоқыстан арылтып, "Таза Қазақстан" акциясын жүргізді.