Облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында заманауи технологияларды тиімді пайдалануда. Атап айтқанда, жол қозғалысы жағдайын бақылау, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жаяу жүргіншілердің қозғалысын қадағалау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Құқық қорғау органдары мұндай цифрлық технологиялар алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң ықпал ететінін атап өтті.