Шалқар ауданының Тоғыз ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Жаңа нысан заңсыз активтер есебінен салынған. Осылайша, ауыл тұрғындары ұзақ жылдар бойы күткен арманына қол жеткізді. Енді олар аудан орталығына шапқылап бара бермей, алғашқы медициналық көмекті өз елді мекенінде алады.