Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету - қоғам қауіпсіздігінің басты кепілі. Осы мақсатта бүгін, яғни 3 сәуірден бастап өңірде қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара бастау алды. Үш күнге созылатын ауқымды шара барысында құқық қорғау органдары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударып, қылмыс пен түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға басымдық беріледі.