Кішкентай жүректерге үміт сыйла! Ақтөбеге еліміздің жетекші кардиохирургтары келді. Өз ісінің хас шеберлері екі күн бойы әріптестерімен тәжірибе алмасады. Бұл – «Туа біткен жүрек ақаулары бойынша науқастар мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылған маңызды клиникалық-білім беру сессиясы. Білікті дәрігерлер дәріс оқумен шектелмейді, бүгін-ертең 12 бөбектің жүрегіне күрделі ота жасалмақ.