«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ: 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына шамамен 3 200 адамды тарту жоспарда. Оның ішінде 2 000 жас - көгалдандыру жұмыстарына шақырылса, қалған 1 200-і абаттандыру және құрылыс жұмыстарына тартылмақ. Жоспарды іске асыру барысы облыс әкімінің төрағалымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.