№83 мектепте жаңа форматтағы ғарыш сыныбы ашылды. Бұл бастама жасөсіпіржердің ғылым мен техника әлеміне батыл қадам жасауына мүмкіндік береді. Ғарыш апталығы аясында жүзеге асқан жоба мектеп қабырғасымен шектелмейді. Облыстық планетарий, Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери интитутымен жасалған үшжақты меморандум арқасында оқушылар білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдайды.