Бүгін - тергеушілер күні. Кәсіби мерекеге орай аймақ тәртіп сақшылары арасында бірқатар спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Айтулы додаға полиция ардагерлері де қатысты. Олар бұл жолы жас тергеушілермен шағын футбол ойнап жарысты.
Өз кезегінде ардагерлер де әдемі ойын өрнегін көрсетті. Ал турнир қорытындысы бойынша жүлделі үштікке ілінген командалар марпатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталды.