Есептік кездесу аясында Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Мәртөкке барды.

Сапар барысында ол аудан тұрғындарымен кездесіп, оларға аудандағы жедел ахуалды таныстырды. Тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беріп, азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Атап айтқанда, ауыл тұрғындары елді мекендерде бейнебақылау камераларын орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Жиын соңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан бірқатар белсенді азаматқа "Алғыс хат" табысталды. Жыл бойы еңбегімен көзге түскен тәртіп сақшылары марапатталды.