Қаржылық мониторинг агенттігінің облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Ұйымдастырушы міндетті тіркеусіз және лицензиясыз қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен операциялардан табыс табу схемасын ұйымдастырған. Схеманы іске асыру үшін рөлдері нақты бөлінген, иерархиясы бар тұрақты топ құрылған. Қатысушылар дропперлерді іздеумен, олардың атына банк карталары мен криптовалюта биржаларында аккаунттар рәсімдеумен, қаржылық операциялар жүргізумен және кейін қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан