Колледж білім алушыларына "Заң мен тәртіп" қағидаты түсіндірілді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері мен оқу орнының басшылығы қатысып, жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, кәмелет жасына толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы айтты. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп, жол қозғалысы ережелері және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері де қозғалды.