15 наурыз ел келешегіне әсер ететін маңызды шешім қабылдайтын күн. Конституцияның жаңарған жобасы халық таңдауына түседі. Саяси науқанға әр азамат белсенді қатысуы тиіс. Сондықтан бүгін өңірлік коалиция мүшелері шаһардағы жиһаз дүкендерінің біріне барып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Референдумға қатысудың маңызы айтылып, сұрақтарға жауап берілді.