Бүгін Алматы ауданы «Кирпичный» тұрғын алабында орналасқан газ құю бекеттерінің бірінде жойқын жарылыс болды. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Тілсіз жауды құрықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Олардың жедел әрекеті арқасында өрт толықтай жойылды.