Бүгін өңірдегі оқу орындарының бірінде студенттерге Конституция жобасын түсіндіру шаралары өтті. 3500-ден аса шәкірт оқитын білім ошағы 30-ға жуық мамандық бойынша тәлім береді. Яғни мұнда әр саланың болашақ өкілдері білім алады. Сондықтан ел келешегі жастардың Ата заңнан хабары болуы тиіс. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өңірлік коалиция мүшелерінен жауап алды.