Аймақта соңғы бір жыл ішінде «Таза Қазақстан» экоакциясына 421 мың адам қатысқан. Бұл өңір халқының жартысына жуығын құрайды.

Нәтижесінде 116 мың аула, 1700-ден астам әлеуметтік нысан мен 342 саябақ аумағы тазартылған. Экологиялық акцияларға әсіресе, еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары ерекше үлес қосып келеді. Бүгін олар Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерімен бірге шаһар көшелеріне шығып, тұрғындарға аумақтарды абаттандыру қағидалары жазылған парақшалар таратты. Өңірде қар кетісімен тазалық жұмыстары басталады. Одан бөлек жастар ағаш отырғызу және көгалдандыру ісіне белсенді түрде қатысады