Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1875 шақырымды құрайды. Соңғы өткізілген күзгі бақылау нәтижесіне сәйкес, автожолдардың 72 пайызы жақсы жағдайда, 18 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. Осылайша, жолдардың 90 пайызы талапқа сай деп бағаланған. Биыл облыста бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобаның құрылысы басталмақ. Атап айтқанда, Ақтөбе-Ұлғайсын, Орталық-Батыс және Бейнеу-Сексеуіл бағыттарында жұмыстар қолға алынады.