Өңірде 900-ден астам адам әлеуметтік қызметкердің көмегіне зәру. Оның басым көпшілігі- жалғызбасты қариялар. Мамандар олардың үй шаруасына көмектесіп, азық-түлік, дәрі-дәрмегін жеткізіп қана қоймай, психологтың да рөлін атқарады. Ал ерекше күтімді қажет ететін балаларға жаңа дағдыларды үйретіп,қоғамға бейімдеуге ұйытқы болып жүр. Қамкөңіл жандарға қамқор әлеуметтік қызметкерлердің ізгілікті ісі құрметке лайық.