Өңірде Республикалық референдумды өткізуге дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша 14 аумақтық және 528 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның құрамында 3534 адам бар. Саяси науқанға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 577 053 адам енгізілді. Аймақ тұрғындары 27-ақпаннан бастап өздерінің тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелерде аты-жөндерін тексеріп, нақтылай алады. Қажет болған жағдайда қателер мен өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шеше алады.