Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Жылу электр орталығының ұжымымен кездесті. Жалпыұлттық коалиция мүшелері қала өмірінің тұрақтылығы тікелей осы ұжымның жұмысына байланысты екенін ескере отырып, оларға жаңа Конституция жобасын түсіндірді. Дания Еспаева мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың құқықтарын қорғауды бекітетін жаңа конституция жобасының ережелері инфрақұрылымдық салалардың орнықты дамуы үшін негіз қалыптастыратынын атап өтті. Ал Ерлан Сәрсембаев қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты сыйақы және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау кепілдіктерін бекітетін жаңа конституция жобасының нормаларына жеке тоқталды. Оның айтуынша, бұл кепілдіктердің Ата Заң деңгейінде бекітуілуі еңбек адамын қорғауды күшейтеді және мемлекеттік саясатта адамның құндылығы мен қадір-қасиетінің басымдығын көрсетеді. Кездесудің қорытындысында кәсіпорын қызметкерлері алдағы референдумды елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.