Өңірлік коалиция өкілдері облыс халқын ұн және макарон өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған ірі өндіріс ошағының жұмысшыларымен кездесті. Мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған ақпараттық топ Жаңа Конституция жобасының ерекшеліктері мен басты айырмашылықтары туралы айтты.

Ата заңның жаңа нұсқасында Қазақстан халқының бірлігі, теңдігі және ортақ жауапкершілігі басты қағидалардың бірі ретінде айқындалған. Бұл норма ел азаматтарының ұлтына, тіліне, дініне қарамастан тең құқықтарға ие екенін және ортақ мақсат жолында топтасқанын білдіреді. Аталған қағида қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және мемлекеттің орнықты дамуына негіз болады,-дейді коалиция мүшелері. Сондай-ақ, еліміздің басты құжатын әзірлеуге 130 адамнан тұратын арнайы комиссия жұмылдырылғанын, электронды портал арқылы жолданған жұртшылықтың ұсыныс-пікірі қаперге алынғанын еске салды.