Сондай-ақ, өңірлік коалиция мүшелерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте де өтті. Мұндағы жиынға 160-дан астам қызметкер қатысты. Қазіргі қоғамдағы білім мен инновацияның рөліне ерекше назар аударылды.


 Коалиция мүшелері білімді ұлт тәрбиелеу – жаңа Конституция жобасында көрсетілген негізгі мақсаттардың бірі екенін баса айтты. Әрі мұндағы ұжымды ел үшін саяси маңызды қадам жасалатын шақ, наурыз айында өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.