Аймақта су тасқынына дайындық шаралары күшейтіліп жатыр. Өзен арналары бекітіліп, тазартылды. Бөгеттер, көпірлер мен су өткізу арналары салынды және жөнделді.


 Уақытша орналастыру пункттері, азық-түлік, материалдар мен техника қоры дайындалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.