Жаңа Ата заң жобасының артықшылықтары колледж ұжымына да түсіндірілді. Маңызды құжатта білім, ғылым және инновациялар мемлекет қызметінің стратегиялық басым бағыты ретінде айқын бекітілуі – уақыт талабынан туындаған шешім.

Сонымен қатар, Конституция жобасында цифрлық дәуірдің талаптары ескерілген. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық, қаржылық деректердің қорғалуы секілді мәселелердің Негізгі заң деңгейінде бекітілуі –азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін жаңа жағдайда қамтамасыз етудің нақты кепілі - дейді оқытушылар.