Өңірге Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Бауэр бастаған делегация келді. Облыс әкімі Асхат Шахаров еуропалық серіктестермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ЕО басымдықтарымен ықпалдасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, таза және сутекті энергетика, климаттық технологиялар, цифрлық инфрақұрылым мен жасанды интеллект, тұрақты агросектор, су ресурстарын басқару және экологиялық жобалар, сондай-ақ кадр даярлау және ESG қағидаттарын енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін одан әрі пысықтау туралы келісімге қол жеткізілді.