Аймақтағы ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері жаңа конституция жобасын талқылады. Жиында еліміздің басты құжатының мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар конституцияның негізгі бағыттарына тоқталып, ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, отбасы институтын қолдау, жастар тәрбиесі және әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін көтерді. Ақсақалдар ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызын атап өтсе, аналар кеңесінің мүшелері қоғамдағы тәлім-тәрбие, отбасы мен бала құқығын қорғау тақырыптарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, алда өтетін жалпыхалықтық референдум- ел болашағы үшін жасалған аса маңызды саяси қадам екені айтылды. Бұл – әр азаматтың мемлекет дамуына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық тетік, -дейді аға буын.