Қалада "Назар аударыңыз: жолда адам!" атты профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында теміржолға іргелес орналасқан оқу орындары мен тұрғын үй аумақтарының тұрғындарына түсіндіру және насихат жұмыстары жүргізілді. Мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтау, жол жүру ережелерін орындау жөнінде ақпарат берді. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Сонымен қатар, акция аясында түнгі және күндізгі рейдтік шаралар өтті. Алдын-алу жұмыстары 13-ші ақпанға дейін жүргізіледі.