"Келешек мектептері" – ұлт болашағына жасалған қамқор қадам. Жоба аясында өңірде заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі ыңғайлы бірнеше білім ұясы бой көтерді. Әсіресе, оқушы саны тығыз аудандарда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі шешімін тапты. Біздің түсірілім тобымыз өткен жылы қолданысқа берілген "Келешек мектептерінің" ерекшеліктерін көріп, таспаға түсіріп келді.