Бүгін өңірде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Оның құрамына саяси партиялардың өңірлік құрылымдары, 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, әртүрлі сала өкілдері кіреді.